Босандыру бөлімі
КУЛЕШОВА ИРИНА ВЯЧЕСЛАВОВНА
Босандыру бөлімнің меңгерушісі
Жоғары санатты акушер-гинеколог маманы
Босану бөлімшесі 45 орынға есептелген. Бұл жерде босандыру және босанғаннан кейінгі асқынбаған дені сау әйелдерді қарауды жүргізеді. Бөлімше құрамына: босану блогы, операциялық блок және босанғаннан кейінгі палаталар кіреді.
Босану блогы төрт этажды кешенді ғимараттың 1 қабатында орналасып, қабылдау бөлімі, босану кезінде анасы мен баланың жағдайын монитор арқылы бақылайтын заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған 4 жеке босану залдарынан тұрады. Әйел босанудың барлық кезеңдерін осы жерде өткізеді, сондықтан үйдегідей жағдай жасалған. Босануды акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог бір топ дәрігерлері жүргізеді. Кез-келген уақытта босандыруға келетін, дәрігерді жеке таңдау да қолданылады.
Босандыру кезінде жансыздандырудың түрлі әдістері: эпидуралдық анестезия, күре тамырға екпе егіп жансыздандыру, ингаляциялық анестезия кең қолданылады. Жеке босану залдарының болуы серіктеспен бірге, яғни әйелдің қалауы бойынша туысқанының біреуінің қатысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, босану залының ішінде баланы емізу, анасы мен баласының бірге болуы көптеп қолданылады.
Бөлімшеде білікті дәрігерлер мен тәжірибелі акушерлер көмек көрсетеді. Әйелді босандырып, босанғаннан кейінгі кезеңде қадағалайды.
3 қабатта босанғаннан кейінгі палаталар, жуыну және әжетхана бөлмелері, процедуралық кабинет және бөлімше меңгерушісінің кабинеті орналасқан. Барлық босанғаннан кейінгі палаталар анасы мен баласының бірге болуына арналған.
Барлық палаталарда жаңа туылған сәбилерге арналған жеке кереует, орау үстелі, «нұрлы жылу» шамы, электрондық таразы бар. Босанған әйел мен жаңа туған сәбидің үйіне ерте шығуына жол беріледі. Емдеудиагностикалық шаралар кешеніне ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), кардиотахография (s-c), НСГ кіреді.