Жүкті әйелер патологиясы бөлімі
КУКЕЕВА ГУЛНАР НУРКИСАЕВНА
Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі
2-ші санатты акушер-гинеколог маманы
Патология бөлімшесі қалалық перинаталдық орталық ғимаратының 4 қабатында орналасқан. Бөлімшеде тәулік бойы жататын 35 орын және күндізгі стационар 5 орын бар. Патология бөлімшесі заманауи жиһаздармен жабдықталған 2, 3, 4-орынды палаталардан тұрады. Бөлімшеде жұмсақ жиһазы, теледидары және бейнемагнитофоны бар ортақ холл бар.
Бөлімшеге жүктілікті аяғына дейін көтеру үшін (жүктілікті аяғына дейін көтермеу қаупі бар, ісінулер, қан аздық, жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдай, мерзімінен өткен жүктілік және басқа аурудың асқынуы) көмекке мұқтаж әйелдер түседі.
Медициналық персонал бөлімшеде әйелдің болу уақытында жақсы жағдай жасау үшін көп тырысады. Сондай-ақ, бөлімшеге оперативті босануды қажет ететін жүкті әйелдерді де, ота жасауға дайындау үшін жатқызады.
Мол тәжірибесі мен жоғарғы біліктілігі бар біздің мамакндар түрлі экстрагенитальды аурулармен ауыратын әйелдердің жүктілігін жүргізеді. Қалалық перзентхана ұжымының құрамына кірмейтін маманның кеңесі қажет болған жағдайда біз басқа емдеу мекемелерінен арнайы патологияға маманданған дәрігерлерді шақырамыз.
Бөлімшедегі барлық әйелдерді емдейтін дәрігерінен басқа, үнемі перзентхана директоры және директордың емдеу жұмысы бойынша орынбасары қарау жүргізеді. Қиын жағдайлар дәрігерлер консилиумы арқылы шешіледі.
Бөлімшенің толық жабдықталуы жүктіліктің өтуін ауырлататын әртүрлі мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Патология бөлімшесінде ұрықтың кардиотокографиясы, жатыр ішіндегі жағдайының компьютерлік диагностикасы жүргізілетін функционалдық диагностика кабинеті бар.
Емдеу кешеніне, қажет болған жағдайда, тамыр ішіне енгізілетін инфузиялар, денеге инемен дәрі егу, дәрілерді қабылдау.
Жүкті әйелдерді босануға психологиялық (лекциялар, әңгімелесулер, бейнефильмдер қарау) дайындауға көп көңіл бөлінеді. Әңгімелесулер тек болашақ аналармен емес, болашақ әкелермен де өткізіледі.
Жүктіліктің кез-келген мерзімінде асқынуының диагностикасы және емдеу.