«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысан бойынша қағаз түрінде, ординатор дәрігер қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және қызметті берушінің мөрімен расталған медициналық картадан жазылып берілетін үзінді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде
2. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет берушінің құрлымдық іс-әрекет тәртібінің сипаты
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрі 2015 жылдың 27 сауірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметті 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығы:
Дәрігер-ординатор науқастың жағдайы тексереді, медициналық ұйым мөрімен және жеке қолы қойылған, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмесін береді. Стационарлық көмек — 40 минут
6. Мемлекеттік қызметті көрсетуде мемлекеттік қызметті беруші: емдеуші дәрігер немесе дәрігер-ординатор.