Послеродовое отделение
Бөлімше 45 орынға арналған. Туылған кезінің алғашқы сәттерінен бастап сәби мен оның анасы білікті дәрігерлердің және тәжірибелі мейірбикелердің үнемі қадағалауында болады.
Дәрігер-неонатолог – сәбидің өміріндегі алғашқы дәрігер. Өкінішке орай, барлық балалар дені сау болып туылмайды. Басқаларға байқалмайтын, қайтаруға болмайтын зардаптарға әкеліп соғатын аурудың белгілерін өткізіп алмау қасиетінің болуы – дәрігер-неонатологтың шеберлігі осы. Емделушіні тек көріп ғана емес, «сезіну» де өте маңызды. Бөлімшеде замануи инкубаторлар, реанимациялық үстелдер, ИВЛ аппараттары, мониторлар және басқа да құрал-жабдықтар бар.
Денсаулық жағдайы арнайы емделу мен күтімді қажет ететін балаларға арналған интенсивті терапия палаталары бар. Біздің перзентханада «ана-бала» тығыз байланысын қалыптастыру үшін, сәби туылғаннан кейін анасымен бірге болады. Осы кезде аналары мен балалары өздерін жайлы сезініп, бейімделу кезеңі тезірек өтеді.
Ал қызмет көрсету бөлімшесінде олардың қасында сүйікті жақындары да (әкесі, атасы мен әжесі) бола алады. Олар жас ананы тәулік бойы қолдау мүмкіндігіне ие болып, өздерінің көңілі мен махаббатын көрсету арқылы емшек сүтінің қалыптасуына ықпал ете алады. Өйткені, анасының сүті сәбиге өте қажет! Емізу – сәбидің ұзақ жылдар бойы дені сау болуының кепілі, оның интеллектуалдық дамуына әсер ететін күш. Әйел үшін бұл эмоционалдық толқу, рахаттану сағаттары мен минуттары, онкологиялық аурулардан қорғаныс (ең алдымен сүт бездері аурулары). Сондай-ақ, отбасы үшін де экономикалық тиімділігі бар, өйткені сүт қоспалары, бөтелке, емізіктер үнемі қымбаттайды.
Ана үшін босанғаннан кейінгі ең басты мәселе – баланың денсаулығы екенін біз білеміз. Дәрігер-неонатолог күнде анасына сәбиінің қалай өсіп, дамып жатырғанын айтып отырады. Қосымша тамақтандыру мен екпелер егу анасының жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі.
ИСАЕВА ЛАУРА АХМЕТДИНОВНА
Заведующая послеродового отделения совместного пребывания матери и ребенка
имеет 2-категорию по специальности акушерство и гинекология