Миссия
«Ақтау қалалық перинаталдық орталығы»
Миссиясы: Ана мен бала денсаулығын жақсарту арқылы дені сау болашақ ұрпақ қалыптастыру
Моральдық құндылықтары:
1. Тіркелген халықтың сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін қолжетімді білікті әрі мамандандырылған медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру.
2. Ұйымның менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыру.
3. Жеке адамның тұрақты кәсіби өсуіне әрі өз-өзін көрсете алуға себептесетін корпоративтік мәдениет.
4.Перзентхана қызметі үдерісінің жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу.
5. Орталықтың әдептік құндылықтары (әдеп кодексі).
Мақсаттары:
Кадрлар әлеуетін жақсарту;
Қаржылық қаражаттарды ұтымды пайдалану;
Тиімді менеджменті;
Науқасқа бағдарланған медициналық көмек;
Жүкті әйелдерге, босанған және жаңа туған нәрестелерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, қолжетімді, сапалы мамандандырылған, білікті акушерлік көмек көрсету;
Халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттанғандық деңгейін көтеру;
Әрбір тұрғында өз денсаулығына игі жауапкершіліктің қалыптасуына себептесу.
Міндеттері:
1. Орталықтың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және ресурстардың барлық түрін ұтымды пайдалану
2. Қолданысқа ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген медициналық көмекті қаржыландыру және ұйымдастыру әдістерін енгізу
3. Медициналық кадрлардың кәсібилілігін арттыру, аралас мамандықтарды игеру
Қызметтің негізгі принциптері
1. Әділдік – әр науқасқа оның әлеуметтік жағдайына, ұлтына, діни ұстанымына қарамастан, әділеттік таныту
2. Ашықтық – жеке және ұжымдық іс-әрекеттерде адалдық пен реттілікті сақта
3. Корпоративтілік – үнемі өзін-өзі тексеру және жәрдемдесу, сондай-ақ жауапкершілік пен жұмыс көлемінің бірдейлігі негізінде сенім жүйесін жасау;
4. Ілтипаттылық - жоғары сапалы қызметті ұсыну үшін әр науқастың қажеттілігін бағалау
5. Әрекеттілік – қойылған мақсаттарға жету, жұмыстағы кемшіліктерді, есептеудегі қателіктерді уақытында анықтау, жұмыс тиімділігін арттыру жолдарын зерттеу
6. Нәтижелілік – кез-келген мақсат шынымен қол жететіндей әрі нақты орын алған жағдайға сәйкес келетіндей болуы керек.
7. Тиімділік – барынша азырақ шығын жұмсай отырып, көбірек (жақсырақ) нәтижеге қол жеткізу
8. Құпиялылық – науқасты тексеру, емдеу барысында алынатын ақпараттың барлығы қатаң құпия болуға тиіс: ол ақпарат кімге арналса, соған қолжетімді болуы керек.
9. Кәсібилілік – өзінің барлық үздік білімін, мүмкіндігін және тәжірибесін тұрақты түрде даму және оқу арқылы науқас пен ұжымның игілігі үшін жоғары нәтижеге қол жеткізуге арнау